Ұялы құрылғыға жалпы сертификат беру және орнату

Пайдаланушыға жалпы сертификат шығару үшін:

  1. Консоль ағашында Пайдаланушы есептік жазбалары қалтасында пайдаланушы есептік жазбасын таңдаңыз.
  2. Пайдаланушы есептік жазбасының мәнмәтіндік мәзірінде Сертификатты орнату тармағын таңдаңыз.

Сертификаттарды орнату шебері іске қосылады. Содан кейін, шебердің нұсқауларын орындаңыз.

Шебердің жұмысы нәтижесінде, сертификат жасалып, пайдаланушы сертификаттары тізіміне қосылады.

Пайдаланушы жазылған сертификатты iOS MDM профилі бар орнату пакетімен бірге жүктейді.

Ұялы құрылғыны iOS MDM серверіне қосқаннан кейін, пайдаланушы құрылғысында iOS MDM профилінің параметрлері қолданылады. Әкімші қосылған құрылғыны басқара алады.

iOS MDM серверіне қосылған пайдаланушының ұялы құрылғысы консоль ағашының Ұялы құрылғыларды басқару қалтасына салынған Ұялы құрылғылар қалтасында көрсетіледі.

Басына оралу